Ресейде еңбек мигранттарының саны күрт азайды
Ресейде рубльдің әлсіреуіне байланысты еңбек мигранттарының саны азайды. Ал мамандар шетелдік жұмысшылардың 50 пайызға қысқаратынын айтады.
Индира Бегайдар, тілші:
Жалақының қысқарып, азық-түлік, коммуналдық төлемдер мен үй жалдау құнының қымбаттап кеткені еңбек мигранттарының елден кетуіне сеп болды. Әуе билеттерінің құны 400 пайызға дейін өсті. Оның үстіне қазір Ресейден шетелге ақша аудару қиындай түскен. «SWIFT» халықаралық жүйесінен ажыратылғалы бері елден тек жоғары комиссиямен ақша аударуға болады. Ресми статистикаға сүйенсек, шетелдік жұмысшылар жергілікті тұрғындарға қарағанда 30 пайызға жалақыны аз алады.
Ержан Нұрбеков, мигрант:
Мен Қырғызстаннан жұмыс істеуге келдім. Мәскеуде ақшаның құны жоқ, өмір сүру қиын. Дүкенге барып, 1000 рубльге ештеңе ала алмайсың. Бәрі қымбат.
Осыған дейін Ресейде 12 миллионға жуық еңбек мигранты жұмыс істейтін. Қазір оның саны 10 миллионға да жетпейді. Бірнеше салада кадр дефициті байқалады. Мәселен, тек құрылыс саласында 200 мың жұмысшы тапшы. Кейбір сарапшылар Африка елдерінен жұмыс күшін тарту керек деп есептейді.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шетелде білім алып, елге оралу керек»
14.09.2026, 23:14
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10