Қазақстанның ұялы байланысы айналдырған екі компанияның ғана еншісінде. Салдарынан елде бәсекелестік жоқ. Халықтан сапасына қатысты шағым көп. Биылдың өзінде ұялы байланыс қызметін ұсынып отырған операторларға сапасыз қызметі үшін 1,5 млрд теңгеден аса айыппұл салынған. Бәсекелестікті арттыру үшін елімізде жаңа ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін.
Бұл ұялы байланысқа қатысты астаналықтардың шағымы. Сапасына да, тариф құнына да көңілдері толмайды. Ал ұялы байланыс нарығын іс жүзінде Қазақтелеком мен Кар-Тел компаниясы бөліп алған. Қазақтелекомның еншісінде Kcell, Tele 2 бар. Ал Kcell-дің қарамағында Activ, Tele 2 де Altel бар. Енді осы ірі компанияның бірі Қазақтелеком құрамынан шығарылуы мүмкін.
Ержан Мейрамов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы:
Қазіргі таңда менің білгенімше ол Kcell-ді шығару бойынша инвесторлармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Нақты қандай инвесторлармен менің хақым жоқ. Ол жабық ақпарат.
Демек Kcell нарыққа жаңа ұялы байланыс операторы ретінде шықса, қызмет көрсетушілер арасында бәсекелестік артады деген жоспар бар. Бұған дейін ұялы байланыс операторларының аты басқа болғанымен, қожайындары бір болды. Ал интернет неге нашар деген сұраққа операторлардың айтар уәжі дайын. Яғни Бір ғимаратта ұялы байланыс интернетіне қосылғандар неғұрлым көп болса, соғұрлым көбірек жабдық пен антенналарды орнату қажет екен. Сондықтан қолданушылар көбейген сайын жаңа қондырғылар орнатуға мәжбүрміз дейді олар. Ал халық күткен Kcell компаниясының жауабы былай болды.
Асхат Өзбеков, «Kcell» АҚ Басқарма төрағасы:
Біз республиканың үш қалаларында 5G желісін құрамыз. Қазіргі кезде Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан және тағы басқа 10 қалаларда 200-ден астам базалық станция құрылған.
Самал Қабышева, тілші:
Цифрлық даму министрілігінің ақпаратына сәйкес биылдың өзінде сапасыз қызмет көрсеткен ұялы байланыс операторларының 450-ден аса тексеріс жүргізіліп, оларға 1,5 млрд теңгеден аса айыппұл салынған. Ал ұялы байланыс операторлары оның тек тең жартысын, яғни 800 млн теңгеден астамын ғана операторлар төлеген. Себебі олар арнайы жеңілдікті пайдаланыпты. Ал егер сіздің ұялы байланыс операторларының қызмет сапасына көңіліңіз толмаса, E-otinish порталына кіріп, «Интернет сапасы» деген бөлікке шағымыңызды қалдыра аласыз. Бұл арнайы тексерістің жүргізілуіне сеп болады.
Самал Қабышева