Басты Жаңалықтар Өскеменде шағын аулалар абаттандырылды

Өскеменде шағын аулалар абаттандырылды

Өскеменде «Халық қатысатын бюджет» жобасы нәтижелі жүзеге асып жатыр. Тек биыл 40-тан астам көпқабатты үйдің ауласы жөнделді. Кейбір шеткі шағын аудан тұрғындары тек қазынаға қол жаймай, өздері қаражат шығарып, шағын көпірлер салып, инфрақұрымды жаңғыртуға қолғабыс етіп жатыр.

2014 жылдан бері осында тұрамын. Мен мына жерге келген кезде мына жердің бәрі қамыс. Батпақ. Қазір, міне, қарасаңыздар, міне, жерде үлкен үйлер салынып жатыр.

Он-он бес жыл бұрын Өскеменнің шеткі шағын аудандарынан тұрғындарға жер учаскесі оңды-солды үйлестірілді. Бірақ бұл аумақ қайнаған құрылыс алаңына айналады деп халық та, ұлық та ойлаған жоқ. Қыдырғазы Баймұратов алғашқы болып үй салған. Ол тұратын шағын ауданда бастапқыда талапқа сай инфрақұрылым болмаған. Тек былтырдан бастап қала әкімдігі әр шағын ауданды дамыту бойынша нақты бағдарлама қабылдады. Тұрғындар да одан тыс қалып жатқан жоқ. Мына шағын көпірді өз күштерімен салып алды

Қыдырғазы Баймұратов, шағын аудан тұрғыны:

Бұл көпір туралы әкімдікке үндеу-өтініш жасаған жоқпыз. Бірақ біз ТҮКШ пен құрылыс бөліміне айтқан болатынбыз. Біз көпір салайық көмектерің керек еді дедік. Ол кісілер бізге қиыршық тас әкеп төгіп, таптап жасап берді. Әкімшілікке қол жая бергенше, өзіміз кішкене асар жасап, уақытша көпір жасадық. Келешекте мына жерде үлкен көпір жасайды деген ойдамыз.

Үлкен көпір мен қосалқы жол шағын ауданды дамыту бойынша болашақта салынуы мүмкін. Ал қаладағы осы салаға жауапты бөлім басшылары әр шағын  аудан бас жоспарға сай дамитынын айтады. 

Ержан Ибраев, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Тұрғындардан бұл бұлақтың үстінен көпір салу туралы бізге өтініш немесе ресми хат түскен жоқ. Сол маңдағы тұрғындар өздері жұмылып, осы көпірді салды. Біз әрине кейбір материалдармен көмектестік. Қазір техникалық қауіпсіздігі қадағалауда. Болашақта жоспарға сай дұрыс көпір салынады.

Шеткі шағын аудандар ғана емес, былтырдан бері саябақтарды абаттантырып, су бұрқақтарды жөндеу де қарқынды жүріп жатыр. Көпқабатты үйлердің ауласы тұрғындардың қалауы бойынша жаңғыртылады.

Қалада «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардың ұсынысымен 42 аула жаңартылып, 17 ойын, 8 спорт алаңы салынды. Қалаға кіре берістегі таулы аумақта серуендеу алаңы ашылды. Аллеяның құрылысына қала бюджетінен 150 млн теңге бөлінді. Енді өскемендік кәсіпкерлер туристік кластер құрмақ.


Бөлісу