Басты Жаңалықтар Оралда бүлдіршінді жәбірлеген тәрбиеші үстінен қылмыстық іс қозғалды

Оралда бүлдіршінді жәбірлеген тәрбиеші үстінен қылмыстық іс қозғалды

Оралда жеке балабақшада сәбиге зәбір көрсеткен тәрбиеші қызметінен босатылды. Оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Үш жастағы баланың анасы әуелі әлеуметтік желіге жазба жариялады. Бейнежазбада балабақша қызметкерінің балаға айқайлап, оны керуетке лақтырғаны, содан кейін кереуеттен жұлып алып, еденге тастағаны айқын көрінеді. Анасының айтуынша, кейін баланы камера орнатылмаған жертөлеге алып кеткен. Камерада баланың жылап, «ауырады» деп айтқаны естіліп тұр. Сәбидің шынтағы мен жамбасында көгерген жарақаты бар екенін айтады. Облыстық Полиция департаменті дерекке қатысты тергеу басталып, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ал қалалық білім беру бөлімі жеке балабақшада ішкі қызметтік тексеру жүргізіліп, бейнежазбалар қаралғанын мәлімдеді.

Эльмира Нұғманова, Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметкері:

Балаға қатысты жол берілмейтін әрекеттер болғаны, тәрбиешінің балаға қатысты теріс әрекеттері расталды. Сол оқиға бойынша ата-аналардан өтініш полиция басқармасына түскен. Қазіргі уақытта тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес жұмысынан босатылды. Орал қаласы білім беру жанынан комиссия құрылып, зерделеу жұмысы жүргізіліп жатыр.


Бөлісу