Ұлттық музей қоры Абай ішкен самаурынмен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музей қоры Абай ішкен самаурынмен толықты

10.08.2023

Ұлттық музей қоры хәкім Абай ішкен самаурынмен толықты. Құнды жәдігерді Абай атындағы Халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қоры тапсырды. Асылдың көзіне баланған бұл самаурын Семейдегі мұражайдың бірінде сақталып келген. Алайда музей басқа мекенжайға көшірілгенде оның ауласынан әртүрлі жәдігерлер табылады. Осылайша тарихшы, әрі мәдени құндылықтарды жинақтаушы Айтқали Бейсембайұлы Қыстаубаев қызығушылық танытып, екі Тула самаурынын алып қалған. Содан бері жәдігерлер Қыстаубаевтың отбасында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілген. Кәсіпкер Ермек Айтқалиұлының сөзінше әкесінің аманатын орындау арманы болған көрінеді. Айта кетейік, қазір Ұлттық музей қорында Хәкім Абайға тиесілі 43 жәдігер бар.

Ермек Бейсембаев, Абай атындағы халықаралық мәдениет және өнерді қолдау қорының құрылтайшысы:

Тарих саласында кәсіп саласында жүрген азамат, ол кісі қайтқалы 2 жыл болды. Ол кісі құнды нәрселерді, жәдігерлерді жинау ісімен хобби ретінде айналысқан. Сондай бір аманатын қалдырып кеткен. Бүгін аманаты орындалып отыр. Бейбітшілік уақытта Абай атамыздың 178 жылдық мерейтойында елге қайтып отыр.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу