Маңғыстауда 144 мың оқушы жазғы лагерьде демалып жатыр
Маңғыстау өңірінде 144 мыңнан аса оқушы жазғы демалысын лагерьде өткізіп жатыр. Соның ішінде 40 мың бала тегін жолдама алған. Бұл тізімде дарынды, озат оқушылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектер, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасы балалары бар. Қазір аймақта 239 демалыс лагері жұмыс істеп тұр. Кейбірі Каспий жағалауында орналасқан. Балалар теңізде жүзуді үйреніп, туристік орындарға саяхаттайды. Мәдени-спорттық шараларға қатысады.
Фарида Мырзабек, оқушы:
Түрлі жүлделердің иесі болғандықтан мектептен лагерьге жолдама берген болатын. Келгенімізге аз ғана уақыт өтсе де бізге күнделікті ойын-сауықтар, барлығы да бізге қызық болуда. Маған барлығы ұнап жатыр. Көптеген достар таптым, келгеніме өкінбеймін.
Орынгүл Мамұтова, Облыстық білім басқармасының бас маманы:
Туристік бағытта 120 бала Астана және Алматы қалаларында демалатын болады. Сонымен қатар, биыл «Қазақстан халқы» қоры арқылы 1410 балаға квота бөлініп, ол балалар 4 ауысым бойынша лагерьде демалуда. Іріктеп алып аудан-қалалық білім бөлімі, ата-ананың арызы негізінде категорияға сәйкес келетін болса, балаларды демалысқа жібереді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13