Ел бойынша 450 мың мұқтаж отбасы балаларына көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел бойынша 450 мың мұқтаж отбасы балаларына көмек көрсетіледі

04.08.2023

Республика бойынша 100-ден аса бала жасы келсе де мектепке бармаған. Оқу-ағарту министрлігі осы мәселе бойынша ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір жаңа оқу жылына дайындық қызды. 

Биыл республика бойынша оқушылар саны 3,5 миллионнан асады. 1-сыныпқа 380 мың бүлдіршін қабылданды. «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 450 мың мұқтаж отбасыға көмек көрсетілмек. Биыл әр балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға бөлінетін материалдық көмек сомасының ең төменгі мөлшері – 40 567 теңге. 

Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендердің балаларына да қаржылай көмек көрсетіледі. Айталық, Абай облысында орман өртінен қаза тапқандардың балаларына 500 мың теңге көлемінде материалдық жәрдем берілді.

Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту министрінің орынбасары:

Өңірлерде әкімдіктер «Атамекен» ҰКП бірлесіп, мектеп жәрмеңкелерін ұйымдастыруда. Онда жеңілдетілген бағамен мектеп киімдері, кеңсе тауарлары сатылады. Аталған жұмыстар барлық облыстарда тамыз айының соңына дейін жүргізілетін болады.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу