«Орда» тобы «Turkvizyon-2015» байқауында 2-орын иеленді

«Орда» тобы Түркиядан олжалы оралды. Стамбулда өткен «Turkvizyon-2015» ән байқауында жерлестеріміз екінші орынды еншіледі. Жыл сайын түркітілдес мемлекеттер арасында өтетін бәсекеде биыл Еуропа мен Балтық елдерінің де әншілері бақ сынады.
Түркі әлеміндегі ең ірі музыкалық сайыста өнер көрсетіп, жеңімпаз атану –әркімнің арманы. Қазақстанның намысын бұл жолы ерекше стилімен, әсерлі биімен залды еліктірген «Орда» тобы қорғады. «Turkvizyon» ән байқауының өтіп жатқанына биыл 3-ші жыл. Алғашқы сында Әзірбайжан әншісі жеңімпаз болса, былтыр бас жүлде Қазақстанға бұйырды. Сол жолы өнерімен көпшілікті тәнті еткен Жанар Дұғалова биыл құрметті қонақ ретінде ән шырқады.
Ислам Багиров, «Turkvizyon» халықаралық ән байқауының бас үйлестірушісі:
«Turkvizyon» байқауының ауқымы жылдан жылға кеңейіп келеді. Біз болашақта бұл сайысты бүкіл әлемге танытпақ ойымыз бар. Дүниежүзі түркі елдерінің өнерін білуі тиіс. Сондай-ақ, конкурсанттарға дауыс беру жүйесіне өзгеріс енгізуді қарастырып жатырмыз. Яғни, алдағы уақытта жанкүйерлер сүйікті әншілерін онлайн арқылы қолдай алады.
Болат Мажағұлов, Астана қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы:
«Орда» тобының екінші орын алуы, менің ойымша жалпы еліміздің эстрадасына, шоу бизнесіне үлкен баға. Енді келесі жылы біз 1-ші немесе 2-ші орын алуға тырысамыз.
Жүлделі орын бұйырмаған, бірақ өнерімен баураған әншілерге биыл алғашқы рет түрлі номинация бойынша марапат жасалды. Иран әншісі «Бейбітшілік», сириялықтар «Көрермен көзайымы», ал германиялық өнерпаз «Арнайы сыйлыққа» ие болды.
Сондай-ақ, тұңғыш рет өткен «Bala Turkvision» байқауында екінші орын алған жерлесіміз Тұрсынхан Еркінге де алғыс жарияланды. Талантты балақай болашақта «Turkvision-нің» үлкен сахнасында өнер көрсетіп, ағаларының ізін басатынына нық сенімді.

Бақытжан ОМАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10