Бразилияда рейд кезінде 43 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда рейд кезінде 43 адам қаза тапты

03.08.2023

Бразилияның үш штатында есірткі саудагерлеріне қарсы ауқымды рейд жүргізілді. Рейд барысында 43 адам қаза тапқан. Биліктің мәлімдеуінше, Рио-де-Жанейрода атыс болып, 10 адам оққа ұшты. Ал Сан-Паулуда бес күнге созылған қақтығыс барысында 14 адам мерт болыпты.

Баия штатының үкіметі болса 19 адам опат болғанын хабарлап отыр. Бұдан бөлек, ондаған адам тұтқындалып, 385 келі кокаин тәркіленді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, рейд кезінде қаза болғандардың көбеюі халықты ашындырып, Сан-Паулуда шеру басталған. 


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу