Бразилияда тасқыннан 23 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда тасқыннан 23 адам қаза тапты

02.04.2024

Бразилияда бірнеше күн бойы толастамай жауған нөсер жауыннан 23 адам қаза тапты. Елде алапат тасқын жүрген. Табиғи апат әсіресе Рио-де-Жанейро және Эспириту-Санту штаттарын жайлады. Жолдарды су басқан. Бұған қоса, көшелерде үйіліп қалған қоқыс әлі тазартылып біткен жоқ. Одан тұрғындардың денсаулығына қауіп төніп тұр. Тазарту жұмыстарына 300-дей адам тартылған. Жергілікті биліктің айтуынша, жолдарды балшық пен қоқыстан тазартуға бір айдай уақыт кетуі мүмкін.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу