Бразилияда тасқыннан 23 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда тасқыннан 23 адам қаза тапты

16.02.2022

Бразилияда алапат су тасқыны 23 адамның өмірін қиды. Топан елдің Петрополис қаласын жайлаған. Көшелер өзенге айналды. 6 сағатта қалаға жауын-шашынның бір айлық мөлшері түскен. Табиғи апатпен күресуге жүздеген өрт сөндіруші маманмен бірге әскерилер жұмылдырылды. Қазір су басқан ауданда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу