Лондонда антитерорлық операция кезінде 5 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда антитерорлық операция кезінде 5 адам ұсталды

28.04.2017

Лондонда антитерорлық операция кезінде полицейлер 1 адамды жаралап, 5-ін қолға түсірді. Оққа ұшқан  күдіктінің жағдайы бірқалыпты. Бұл операция Кент графтығында жүргізілді. Ұсталғандардың өзге екеуі – 20 мен 16 жастағы ер адам және 43 жастағы әйел адам. Олардың барлығы терорлық әрекеттерге қатысы бар деп айыпталып отыр. Қазір күдіктілердің бәрі қамауда. Жалпы, соңғы кездері Британияда терорлық шабуылдар жиілеп кетті. Мәселен, соңғы рет 22-і Наурызда Вестминстер көпірінде Халид Масуд атты азамат көшедегі адамдарды көлігімен қағып өтті. Кейін ол  көшедегі адамдарға пышақпен жүгірген.  Салдарынан 4 адам қаза тапты.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу