Бразилияда тасқыннан 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда тасқыннан 5 адам қаза тапты

13.02.2020

Бразилияның оңтүстік-шығысындағы Сан-Паулуда төпелеп жауған жаңбырдың соңы алапат тасқынған ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, су апатынан бес адам қаза тапқан.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 100-ден астам тұрғын баспанасыз қалып, тағы 500-дей адам қауіпсіз жерге көшірілді. 

Соңғы жылдары Сан-Паулуда мұнша көп жауған емес. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу