Қарағанды облысында жылыту маусымы басталғалы өрттен 13 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында жылыту маусымы басталғалы өрттен 13 адам қаза тапты

18.11.2020

Жылыту маусымы басталғалы Қарағанды облысындағы тұрғын үйлерде өрт оқиғасы жиілеген. Қыркүйектен бері 13 адам қаза тапты. Әсіресе, пеш жағатын жеке секторларда қайғылы жағдай көбейді. Тек өткен аптаның өзінде 4 адам иіс тиіп көз жұмды. Тұрғындардың кейбірі мас күйде ұйықтап кетіп пеш қараусыз қалып, соңы қайғылы жағдайға ұласып жатады. Төтенше жағдай қызметкерлері өңір бойынша 20 мыңдай үйді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы 520 отбасының баспанасына улы газдан сақтандыратын дабыл қаққыштарды тегін орнатты. Бұған қоса рейд кезінде қауіпті деген 51 үйдегі пештердің мұржасын тазалап берген. 

Мұрат Қатпанов, Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:
Облыс аумағында тұрғын үйлерде 242 өрт тіркелген болатын. Оның салдарынан 13 адам қаза тапты. 10 адам жарақат алды. Былтырғы жылмен салыстырғанда өрттің саны 6 процентке көбейді.

Руслан Нұрланұлы 

қарағанды өрт жылыту маусымы

Хабарламаларға жазылу