Алматы облысындағы жекеменшік балалар лагеріне тексеріс басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы жекеменшік балалар лагеріне тексеріс басталды

01.08.2023

Алматы облысындағы жекеменшік балалар лагеріне тексеріс басталды. Тегін лагерьге барған оқушылардың ата-аналары әлеуметтік желіге шағымдарын жариялаған еді. Олар орталықта санитарлық талап сақталмаған, бөлмелері лас. Тіпті бірнеше жасөспірім бір төсекке сығылысып ұйықтауға мәжбүр деді. Осыдан соң біздің түсіру тобымыз аталған лагерьге барып, жағдайды көзбен көріп қайтты. Қонаев қаласының жағалауында орналасқан демалыс орнында қазір Жетісу облысынан келген оқушылар демалуда. Оқу-ағарту министрлігі орталықта балалардың қауіпсіздігі қаншалықты сақталғанын тексермек. Бұған дейін қаланың білім бөлімі жекеменшік лагерге мониторинг жүргізген. Олар барлық санитарлық талаптар сақталған, жұмыс істеуге рұқсаты бар деген қорытынды жасаған. Оқиға орнында қазір прокуратура өкілдері келіп, тексеру жүргізіп жатыр.

Нина Патасова, балалар лагерінің меңгерушісі:

Біз орталықта тазалық жұмыстарын күнделікті жүргізіп тұрамыз. 66 төсек орын бар. Бөлме ішін, көрпе-жастықтарын жиі жуамыз. Ғимараттың сырты жұпыны болғанымен біз үшін санитарлық талап аса маңызды. Әлем желіде тарап кеткен ақпарат шындыққа жанаспайды. Бізге бір бала үшін үкімет 3900 теңге төлеп отыр. Бұл қаржыға бұдан артық ешнәрсе істей алмаймыз.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу