Машина жасау саласын кешенді дамытудың 2028 жылға дейінгі жоспары әзірленеді. Осы мәселеге байланысты Үкімет басшысының төрағалығымен арнайы кеңес өтті. Бұл құжат саланың дамуына серпін беруі тиіс. Оның аясында өндіріс көлемін 2,2 есе, инвестицияны 1,5 есе көбейту көзделіп отыр. Жалпы 89 шараны жүзеге асыру жоспарланған.
Сондай-ақ, Әлихан Смайылов «Синжианг Хуалинг Индустри энд Трэйд» компаниясы төрағасымен және «Шанси Мейжинг Энержи» компаниясының басшысымен келіссөз жүргізді. Қытайлық холдинг сауда, ауыл шаруашылығы, логистика салаларында жұмыс жүргізеді. Премьер-Министр Қазақстан Үкіметі инвестициялық бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Сауда және интеграция министрлігі мен холдинг арасында ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар бойынша меморандумға қол қойылды.
Шерхан Жамбылұлы