ІІМ Алматы академиясына курсанттарды іріктеу аяқталды
Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының басшысы, полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков бакалавр бағдарламасымен оқуға кандидаттарды іріктеу бойынша қабылдау комиссиясы жұмысының қорытындысын баяндап, баспасөз конференцияда осы процестің алғаш рет трансформацияланғанын айтты.
«Біріншіден, талапкерлер казармалық режимде болған жоқ. Ата-аналардың нормативтерді тапсырған кездерде оффлайн және онлайн түрінде қатысуларының толық мүмкіндіктері болды. Жүгіруден нормативтерді «Динамо» стадионында арнайы жүгіру жолағында тапсырды. Медициналық комиссиядан өтіп, физикалық дайындықтан емтихандарды тапсырғаннан кейін талапкерлер ата-аналарының қастарында болатындай мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ, ұялы телефондарды еркін пайдалануға шектеу болған жоқ. Осының бәрі іріктеу кезеңінің ашық екенін көрсетуге мүмкіндік берді. Жасалған мұндай жағдайлар өз жемісін берді», - деді Айдар Сайтбеков.
Ведомствалық оқу орнының мәліметі бойынша, өз өңірлерінде барлық іріктеу турларынан өткен 440 адам іріктеуге келген. Солардың ішінде ең мықты деген 300 кандидат оқуға қабылданған.
«Кандидаттарды іріктеу процесі максималды ашық өтті, әрбір кандидаттың шығармашылық ойлау, сараптамалық қабілеттеріне және интеллектуалдық деңгейіне назар аударылды. Полицейлердің қатарына еніп, біздің қоғамда тәртіп мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге талпынатын жас, талантты адамдардың жаңа мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік берді. Қабылдау комиссиясы мүшелерінің қатарында тәуелсіз сарапшылар - кәсіби спортшылар, кәсіптік бағдаршылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, ІІМ Орталық аппаратының қызметкерлері болды», - деп қорытындылады Айдар Сайтбеков.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13