Түркістан облысында Шардара су қоймасының түбі тазартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында Шардара су қоймасының түбі тазартылады

26.07.2023

Түркістан облысындағы Шардара су қоймасының түбі шөгінділерден тазартылады. Еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында осы жұмысты қолға алуда. Себебі өткен ғасырдың 1966 жылы салынған қоймада елу жылға жуық уақыт аралығында тазалау жұмыстары жүргізілмеген. Салдарынан, су қоймасының түбі біртіндеп шөгінділерге толып, судың көлемінің өзгеруіне әкеліп соққан. Қазір қоймада зерттеу жұмыстары басталып, түбінен сынақ материалдары алынды. Олар шөгінділердің ара қатынасын анықтау үшін зертханаға жіберілді. Ал шөгінділерді өңдеп, материал ретінде кәдеге жарату жаңа технологияларды қажет етеді. Айта кету керек, мұндай жұмыстар елімізде алғаш рет жүргізілуде. Бұл өз кезегінде оңтүстік өңірлердегі су тапшылығын жою үшін ықпал етеді деп күтілуде.

Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу