І Халықаралық медиа және туризм форумында қазақстандық БАҚ өкілдері мен шетелдік журналистер тәжірибе алмасты
Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған І Халықаралық медиа және туризм форумында 200-ге жуық медиа сарапшы мен отандық БАҚ өкілдері бас қосты.
Шараға Қазақстан, Ұлыбритания, Швейцария, Австрия, Бельгия, Германия, Франция, Нидерланд, Молдова, Түркия Республикасы, Солтүстік Кипр, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстанның білікті журналистері өзара тиімді ортақ жобаларды іске асыру бойынша тәжірибе алмасты. Форум аясында ұйымдастырылған пресс-турда көркі көз тартатын тұмса табиғаттың экотуризм әлеуетін арттыру жолдары қарастырылып, еліміздің тарихи-мәдени орындарын насихаттау нысанаға алынды.
Салтанатты жиынға арнайы қатысқан еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі туризм саласын дамытуда ақпараттық қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
«Ақпарат саласында шекара жоқ. Ақпарат саласы бізді жақындастырады. Біз түркі әлемі туризмінің үлкен бір орталына айналамыз деп сенеміз. Осы игі шараны ұйымдастырып отырған «Түркітілдес журналистер қорына» айрықша алғыс айтамын. Көптеген семинар-тренингтер мен талқылау форматындағы форумдар ұйымдастырып келеді. Түрік әлемін жақындастыруда еңбегі үлкен. Болашақта форум тұрақты түрде өтіп тұрады және осы саланың дамуына серпін береді», - деп қолдау білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы туризм, медиа, PR саласындағы тың жаңалықтар мен жасанды интелектің журналистика және жаңа медиадағы ықпалы туралы ауқымды шараны ұйымдастыруға «Түркітілдес журналистер қоры» мұрындық болса, Алматы облысының әкімдігі бастаманың жүзеге асуына атсалысты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?
17.08.2026, 18:15
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2027 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстарға байқау жариялайды
17.08.2026, 17:53
А.Ерекешева әлемдегі үздік 5 спортшының қатарына енді
17.08.2026, 17:51
ДСМ: Мектеп оқушысы ұйқы режимін сақтауы керек
17.08.2026, 17:41
Қазақстанда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді
17.08.2026, 17:36
Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтті
17.08.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
17.08.2026, 17:27
Түркістан облысында 20 мың тоннадан аса сүт өндірілген
17.08.2026, 17:25