Қайрат Нұртастың концертіне 21 мыңнан астам билет сатылған

12 желтоқсан күні Астанада әнші Қайрат Нұртастың «Мен ғашықпын...» атты шоу- концерті өтеді. «Астана Аренада» өтетін концертке қазірдің өзінде 21 мыңнан астам билет сатылған. Ал, концертті Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр.
Қайрат Нұртастың концертіне Тимати, Нюша және басқа да шетелдік әншілер қатыспақшы. Шоудан түсетін қаржының біраз бөлігін әнші қайырымдылық мақсаттарға арнамақ ниетте. Ал, шоудың өзі Қайрат Нұртастың сахнада жүргенінің 10 жылдығына арналып отыр.
Шоу-концертке дайындықтыққа екі аптадан астам уақыт кетті. Шараны ұйымдастыру, өткізу жұмыстарына қатысушылардың саны 4 мыңнан асады. Олардың қатарында шығармашылық ұжымдар да, техникалық мамандар да бар. Кештің қоюшы режиссері Григорий Скоморовский.
Шоу-концерт кезінде «Астана Аренаға» апаратын біраз жолдарда көліктердің жүруіне шектеу қойылады. Бұл туралы Астана қалалық ІІД мамандары мәлімдеді. Дегенмен, концерт кезінде астаналықтар үшін арнайы автобустар әзірленген.
Концертті «Қазақстан» ұлттық телеарнасының порталынан онлайн жүйесі арқылы тамашалаудың мүмкіндігі бар.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49