Әлемдік алпауыт компаниялар өнімдерінің интерфейсін қазақ тіліне аудару жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік алпауыт компаниялар өнімдерінің интерфейсін қазақ тіліне аудару жұмыстары басталды

21.07.2023

Әлемдік алпауыт компаниялар өнімдерінің интерфейсін қазақ тіліне аудару жұмыстары басталды. Қазір осы бағыттағы Netflix, Apple, Google басшыларымен келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайына қатысқан ведомсво басшысы мұндай бастамалар ана тіліміздің халықаралық деңгейде өрісін кеңейтуге орасан зор мүмкіндік беретінін жеткізді. Сонымен бірге, әлемдік жүйелерде қазақ тілінің пайда болуы, халық үшін басқа заманауи технологиялардың да қазақша қолжетімді болуына септігін тигізбек. Министр мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге «Масс медиа» туралы заң жобасы да өз пайдасын тигізеді, деді.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Жаңа заң бойынша еліміздегі барлық ақпарат, бүкіл масс медиасының тілі 70 пайыз болу міндеттеледі. Жалпы, біз мұны қазақ тілі туралы доктрина әзірленіп жатыр, сол доктринаға да енгіздік. Ахаңның өзі бар ғой «Ел боламын десең эфиріңді түзе» деген. Шын мәнінде тілдің тұғырға қонуы үшін эфир, масс медианың тілі өте маңызды.

Қазақ тілін тиісті деңгейде дамытып, қолданыс аясын кеңейту үшін істелетін жұмыс көп. Оның ішінде білім беру жүйесіндегі олқылықтарды түзетіп, сапалы контеттерді көбейту жайы да бар. Министр оған жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамына жаңа сайланған Президент Рауан Кенжеханұлының айтуынша, мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тілін сақтай отырып, дәрежесіне көтеру міндеті басты назарда болады.

Рауан Кенжеханұлы, Халықаралық «Қазақ Тілі» қоғамының президенті:

Негізінен бізге сөзге көмек емес қазіргі тілмей айтқанда іс көмекке жарайтын азаматтарды тартуға тырыстық. Негізгі бағыт ретінде қолға алатынымыз ғылыми-әдістемелік жұмыс деп отырмыз. Тілді үйренемін, тілді меңгеремін деген азаматтарға жалпы көпшілікке қажетті материалданды сапалы түрде шығарып олардың кең қолжетімді болуын қамтамасыз ету.
Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу