Теміртау қаласын ауызсумен қамту мәселесі қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртау қаласын ауызсумен қамту мәселесі қолға алынды

20.07.2023

Қарағанды облысының Теміртау қаласын ауызсумен қамту мәселесі қолға алынды. Жергілікті мәслихат бүгін аталған бағытқа 500 миллион теңге бөлу жөніндегі бюджеттік өтінімді мақұлдады. Мәселені бұғанға дейін көтерген едік. Қала тұрғындары шіліңгір шілдеде ауыз судың кестемен беріліп жатқанына шағымданған болатын. Негізінен мұнда ауыз су үш бағыттан келеді. Оның ең бастысы Қарағанды- Теміртау құбыры. Бұл магистраль 2016-шы жылға дейін металлургиялық комбинатқа тиесілі болып жөндеу көрмеген. Осының салдарынан мұнда тәулігіне 40-тан астам ақау шығатын. Әбден шіріген құбыр бойының жамап-жасқалмаған жері жоқ. Жазда тұрғындарға бір күнде кемі 1 мың текше метр су қажет болса, қазір кестемен тек 300-дей ғана беріліп тұр. Қала әкімі осы 27 шақырымдық құбырды толық қалпына келтіруге кемі 10 миллиард теңге қаржы қажет болуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан әзірге құбырдың ең осал 5 шақырымын жөндеуге тура келеді.

Ораз Тәуірбеков, Теміртау қаласының әкімі:

Биыл біз ең апаттық учаскден тамыз қыркүйек айларында толық қалпына келтіреміз. Ол толығымен бұл мәселені шешпейді бірақ апаттық мәселені төмендетеді. Сосын ауызсуды қалаға жеткізуді тұрақтандырады.


Хабарламаларға жазылу