Астананың үлкен айналма жолында көлік кептелісі бірнеше шақырымға созылады. Жүргізушілер жолда тіпті бірнеше сағаттап тұратындарын айтады. Жаздың аптап ыстығында мұндай машақат жығылғанға жұдырық болды деп отыр. Ал жөнделіп жатқан өткелге 6 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ. әріптесім Самал Қабышева толығырақ
Самал Қабышева, тілші:
Мына көліктердің барлығы Көкшетау жақтан келе жатыр. Олар Астанаға кіру үшін осылай ұзын сонар кезекте тұруға мәжбүр.Себебі, көпір жөнделіп жатқандықтан жүргізушілерге айналма жол арқылы жүруге тура келеді.
Ал бұл жолға тапсырыс берген ҚазАвтоЖол айналдырған 10 күннің ішінде жұмыстардың барлығы аяқталып, өткелді пайдалануға береміз деп отыр. Тек жоспарымыздың уақытыннда орындалуына ауа-райы кедергі жасамаса болды дейді.
Ләззат Стамғазиева, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ресми өкілі:
Егер жаңбыр жауып разметка сыза алмайсыз. Сондықтан бізд білмейміз ғой, қандай ауа-райы болатынын. Бірақ болжам бойынша тамыздың бірі беріледі деп жоспарлап отырмыз.
6 млрд теңгеге жуық қаржыға жасалып жатқан Астананың үлкен айналма жолындағы өткел пайдалануға берпісе тәулігіне 20 мыңға жуық көлік қатынайды. Себебі, бұл айналма жол арқылы Көкшетау, Қостанай;Семей, Павлодарға баруға болады. Ал, сағаттап кептелісте тұрған жолаушылар көпірдің тезірек пайдалануға берілгенін күтіп жүр.
Самал Қабышева