Мәжілістің 4 депутаты әскер қатарына қосылды.
Олар ҰҚК Шекара академиясының курсанттары және шекара қызметінің сарбаздарымен оқу-жаттығу жұмыстарына қатысып жатыр. Депутаттардың жазғы демалысын қиып, оқу-жаттығуға арналған лагерьлерге аттануына тұрғындардан келіп түскен арыз, талаптар себеп болған. Олар екі апта бойы жауынгерлер арасында жүріп, саладағы проблемалар мен қордаланған мәселелерді анықтап, олардың шешілуіне сеп болатын заң жобасын әзірлеуге ат салыспақ.
Самат Нұртаза, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі:
Біз демалып, жаттығуға келген жоқпыз біз сарбаздың, әрбір офицердің проблемасын Астанаға жеткізу. Мысалы офицерлердің жалақылары төмен деп есептейміз. 220-170 мың арасында. Қазіргі қымбатшылықта бұл аздау. Екіншіден енді жабдықтану. Автоматтар, әрбір заставада дрондар, техника, көліктер болуы керек.
Қазақстанның шекарасы 15 мың шақырымға созылып жатыр, оны күні-түні 40 мың сарбаз күзетеді. Елге төнген қауіпке бірінші тойтарыс беретін жауынгерлердің жағдайын жасау керек деп есептейді депутаттар. Мәжілісмендер шілденің 31-не дейін Қырғызстан мен Қытай шекарасына да барып, ондағы әскердің әлеуетін көзбен көрмек.
Максим Рожин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі:
Мемлекет тарапынан осыған ерекше көңіл бөлінуі керек. Тәуелсіздік шекарадан басталады. Аздап ескіргендері де бар. Бірақ шекарашылардың жасап отырғаны барынша сақтау бар дүниені. Бірақ, біз завставаларды аралағанда көрдік, жалпы қару-жарақты, жабдықты жаңарту керек.