Алматыда урбанистика басқармасының басшысы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда урбанистика басқармасының басшысы ұсталды

19.07.2023

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы ұсталды. Ол жер учаскелерін беру және объектілердің құрылысын келісу кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, күдікті жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінде нысаналы мақсатына қарамастан және құрылыстың тығыздығын ескермей, жекелеген құрылыс компанияларының мүддесі үшін 2020-2023 жылдары 3 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын заңсыз келіскен. Салдарынан мемлекетке 307 млн теңгеден астам сомаға жер учаскелерінің төленбеген кадастрлық құны түрінде залал келтірілді. Бұдан басқа, 2020 жылы медициналық орталық пен халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысын инвестициялық жобаларды іске асыру сылтауымен заңсыз келіскен. Шығын – 180 млн теңге. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, басқа лауазымды адамдардың қатыстығы тексеріліп жатыр.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу