Қарағанды облысында 1200 саяжай сусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 1200 саяжай сусыз қалды

18.07.2023

Қарағанды облысының Теміртау қаласы маңындағы мыңнан аса саяжай екі аптадан бері сусыз отыр. Бау-бақша аптап ыстықтан түгел қурап, еккен өнімдері шықпай қалған. Жұрт мәселені айтып қала әкімдігіне шағымданған. Бірақ, ешқандай өзгеріс жоқ. Аллажар Теміров 36 жылдан бері саяжайдағы бау-бақшасынан күнкөріс үшін өнім алады. Ал, биыл зейнеткер шығынға батып отыр. Екі аптадан бері саяжайыдағы көкөнісі мен ағаштары суарылмады.

Аллажар Теміров, Теміртау қаласының тұрғыны:

Жаңбыр жауып өтті ғой содан бері мен шлангы ұстаған жоқпын. Су жоқ! Ауылдың әкімі қайда? Теміртауда бар ма әкім? Картошка да құлап жатыр уже күйіп жатыр. Гүлдеді де барлығы кеуіп қалды.

Осы төңіректегі 1200 саяжайдың жағдайы осы. Оған себеп қуат көзімен қамтамасыз ететін трансфарматор істен шықан. Онсыз су сорғылар жұмыс істемейді. Ақауды жөндеуге 2-3 ай уақыт қажет. Осыны естіген жұрт. еңбегіміз еш болды деп отыр. Жұрт Теміртау қаласының әкімдігіне бірнеше мәрте шағымданған.

Бекжан Әбдірахманов, Теміртау қаласының тұрғыны:

Проблеманы ешкім шешіп жатқан жоқ. Үш төрағаны әкім жинап алған. Бірақ ештене шешпеді. Осы екі үш күнде шешпесе, бәрі өледі. Мәселе сол. Халық ана жаққа, мына жаққа жазады. Еш нәтиже жоқ!

Ал қаланың басшылығы мәселе жіті назарда дейді. Айтуларынша, бұзылған трансформатор «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі. Тозған нысанды жөндегенше қуат көзін өзге желімен алып та көрген. Бірақ, оның өзі мәселені шешпей отыр.

Ораз Тәуірбеков, Теміртау қаласының әкімі:

Қуат жетіспей тұр. Өйткені ондірілген қуаттың 6,2 киловольт болса, толықтай электро насостарды қосқанда 6,5-тен жоғары керек тігін анықтадық. Осы мәселені біз орын алғаннан кейі шешім тапқанша айналысатын боламыз.

Деседе, бұл уақытша шара. Тұрғындар трансформатор іске қосылғанша, суды кезекпен алуға тура келеді. Ал, аптап ыстық қояды ма? Бау-бақша түгел қурап барады.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу