Алматыдағы ақылы автотұрақтар қала меншігіне қайтарылды
Алматыдағы ақылы автотұрақтар қала меншігіне қайтарылды. Қазір жаңа төлем жүйесі мен арнайы белгілер бедерленген тақтайшалар жасалып жатыр. Жоба тамыз айында толықтай іске қосылады. Оған дейін төлем жүргізу керек пе? Тұрақта тұру ақысы өзгере ме? Халық не дейді? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес анықтап көрді.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
2016 жылы жеке компанияларға жалға берілген 1500 жер учаскесі, яғни, 12 500 автотұрақ толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды. Олардың жүйесін ауыстыру жұмыстары кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Жаңа жоба ең алдымен Медеу ауданында іске қосылады. Келесі кезекте Алмалы, Бостандық аудандары тұр. Бұл өзгерісті көлік жүргізушілері қалай қабылдады? Өздерінен сұрап көрдік. Бұл жоба жергілікті бюджетті толтыруға да сеп болмақ. Өйткені, тұрақтардан түскен қаражат қаланы абаттандыруға жұмсалады. Қазір жаңа төлем жүйесі мен белгілер бедерленген тақтайшалар әзірленіп жатыр.
Талант Тайнов, «Алматы Паркинг» КМК директорының орынбасары:
Қазір ақша «A – parking» компаниясына түседі. «A – parking» түскен қаражатты үкіметке қайтарып береді. Біз толыққанды тамыз айында іске қосыламыз. Сол кезде біздің жүйеге түсе бастайды қаражат. Автотұрақты пайдаланған үшін төлемнің үш тәсілі бар, ол QR арқылы. Банк жүйесі арқылы төлеуге болады немесе СМС арқылы төлеуге болады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Автотұрақтар қала меншігіне өткенімен, төлем ақысы өзгеріссіз сағатына 100 теңге болып қала береді. Тек «Көк базар» маңында бөлек тариф енгізіледі. Онда тұру ақысы сағатына 150 теңге болмақ. Айта кету керек, былтыр қаладағы барлық автотұрақтан 600 млн теңге қаражат жиналған.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13