Мүгедек балаларды ұрып-соқты деп айыпталған астаналық тәрбиеші әйел 5 жылға сотталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедек балаларды ұрып-соқты деп айыпталған астаналық тәрбиеші әйел 5 жылға сотталуы мүмкін

17.07.2023

Мүгедек балаларды ұрып-соқты деп айыпталған астаналық тәрбиеші әйел 5 жылға сотталуы мүмкін. Бүгін осы іске қатысты сот басталды. 33 жастағы әйелдің өзі мүгедек. Сөйлемейді, құлағы естімейді. Сот залында ол арнайы сурдоаудармашының көмегімен жауап беріп отырды. Тағылған айыптардың бірін де мойындамайтынын жеткізді.

Сот процессі басталмай жатып айыпталушы тарап өздерін түсіруге қарсылық білдірді. Судья олардың талабын қанағаттандырды. Бір қызығы ол айыпталушы орындығында емес, қорғаушының жанында отырды. Ал жәбірленуші деп танылған үш ата-ананың бірі Галина.

Галина Николаева, жәбірленуші:

Баламды ұрып-соғып жатқанын бейнебақылау камерасынан көріп, жағамды ұстадым. 10 жасар ерекше балам әбден шошынып қалған. Тамақ ішкенде де қол-аяғы дірілдейтін болды. «Балам-ай» орталығына барып жүргеніне 4 жылдан асқан. Бірақ бұған дейін ұрып-соғу жағдайы болмады. Күдікті әйел қыркүйек айында қалай жұмысқа кірді, біздің балаларымыздан маза қашты. Қазір баламды орталықтан алып кеттім.

Астанадағы ерекше балалар тәрбиеленетін «Балам-ай» орталығындағы сұмдық жайт туралы ата-аналар кездейсоқ білген. Кадрлардан ересек адамдардың кішкентайларды ұрып, соғып, жерге сүйреп жатқанын анық көруге болады. Ал балаларды жазалаған әйелдің өзі де мүгедек.

Аржан Сәдуақас, жәбірленуші тараптың қорғаушысы:

Басында бап 140 бап болды, қылмыстық кодекстің. Одан кейін оны тергеу әрекеттері барысында 110 бапқа өзгертілді. Тәрбииешілердің керсінше күш қолдану, қорлау арқылы жасаған әрекеттері. солай сараланады. Бұл жерде 5 жылға дейін басбостандығы көрсетілген және де айыппұл да көрсетілген.

Айта кетейіік, сотталып жатқан 33 жастағы әйелдің жолдасы да осы орталықта жұмыс істепті. Бейнебақылау камерасында жазылған кадрларда балаларды ұрып-соғып жүрген ер адам сол екен. Одан бөлек әйелдің екі мүгедек баласы да осы орталықта тәрбиеленген. Қазір айыпталушының күйеуі мен орталықтықтағы тағы бір маманға қатысты іс бөлек сотта қаралып жатыр

Самал Қабышева, тілші:

Сондай-ақ сотта айыпталушы тарап, судьядан жаза тағайындар алдында күдіктінің мүгедек екенін, және оның тағы екі мүгедек баласы бар екенін ескеруді сұрады. Ал жәбірленуші тарап болса, онсызда қорғансыз балаларды аяусыз ұрған тәрбиешінің көмекшісі болған күдіктінің жазасы жеңілдеп, айыпұлмен құтылып кетеді ме деп алаңдап отыр. Сондықтан судья жаза тағайындар алдында, күдікті мүгедек болса да бірақ оның еңбекке қабілетті екенін ескеріп, әділ жазасын беруді сұрайды. Ендігі сот процессі 19 шілдеде жалғасады.

Хабарламаларға жазылу