Елімізде коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу артады. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңесте осы мәселе талқыланды. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова алдағы 7 жылда коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату көрсеткішін 40 пайызға, 2050 жылға қарай 60 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр дейді. Тұрмыстық қалдықтар полигондарын қалпына келтіру және жаңадан салу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Үкімет басшысы «жасыл экономика» жалпы еліміздің тұрақты дамуының маңызды құралдарының бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты тұжырымдаманы жеделдетіп, жобаны 1 желтоқсанға дейін Үкімет Аппаратына енгізуді тапсырды. Құжат экологиялық ахуалды жақсартып қана қоймай жаңартылатын энергия көздерін дамытуды көздейді.
Асылбек Данияр