Елордада 70-тен астам мекеме жастарға 1300-ге жуық жұмыс орнын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 70-тен астам мекеме жастарға 1300-ге жуық жұмыс орнын ұсынды

17.07.2023

Елордада 70-тен астам мекеме жастарға 1300-ге жуық жұмыс орнын ұсынды. «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолдау көрсеткен. Мәжіліс спикері, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов жастармен және жұмыс берушілермен әңгімелесті. Жәрмеңкеге қызығушылық танытқандар баршылық. Бұл шара жиырмасыншы шілдеге дейін еліміздің барлық өңірінде өтеді. «Жастарға жұмыс» жәрмеңкесі бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Нұржан Жетпісбаев, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:

Жыл басынан осындай жәрмеңкелер аясында 90 мыңға жуық азамат қатысып, біздің кері байланыс орнатуымыздың арқасында 18,6 мың азамат жұмысқа орналасқан. Бұл шындап келгенде өте тиімді құралдардың бірі.

Жәрмеңке Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және «Amanat» партиясы сайлауалды бағдарламасы аясында өтіп жатыр. 2029 жылға дейін 2,3 миллиондай жасты жұмыспен қамту көзделген.

Бұл жұмыссыз жүрген жастарға өте көп мүмкіндік, септігін тигізуде жұмыс табуға. Мұнда мен көптеген мектепте вакансиялар барын, конкурс ашылғаны туралы білдім және де өзімнің түйіндемемді қалдырып өзіме тұрақты жұмыс табуға зор мүмкіндік алдым.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу