14 шілде күні Қазақстанда «Kaspi Жұма» бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі басталып, 3 күнге созылады. 100 мыңнан астам дүкен Kaspi kz-пен бірге бүкіл қазақстандықтарды қуантуға дайындалып жатыр.
Ауа баптағыштар, құрылыс заттары, жиһаз, үй мен саяжайға арналған тауар, велосипедтер мен бассейндер және басқа да сұранысқа ие тауарларды 14, 15, 16 шілде күні «Kaspi Жұмада» сатып алған тиімді. Барлық заттарды 24 айға пайызсыз және артық төлемсіз бөліп төлеуге болады. Ал Kaspi.kz интернет дүкенінде «Kaspi Gold» арқылы сатып алсаңыз, 10 пайыз бонус та береді.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.Kz басшысы:
Бұл 8-ші «Kaspi Жұма». Бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесіне еліміздегі 100 мыңнан астам үздік дүкен қатысады. Kaspi.kz-тегі интернет-дүкенде 3,5 миллионнан аса алуан түрлі тауар ұсынылған, оларды үйге немесе 4 400-ден астам Kaspi Postomat-тың біріне тегін жеткізу арқылы сатып алуға болады. Әрбір сүйікті клиентімізге тиімді зат сатып алуын, серіктестерімізге сауда көлемінің өсуін тілейміз!
«Kaspi Жұмаға» жетекші компаниялар мен брендтер қатысады. Тиімді сауданы Kaspi.kz интернет-дүкенінде немесе серіктестердің дүкендерінде жасауға болады.
Арман Құдияров, Kudiyarov Factory жұмсақ жиһаз фабрикасының иесі:
«Kaspi Жұма» деген – тренд. Оны бәріміз күтеміз, жасыратын түгі жоқ. Тек қана біз емес, оны кленттеріміз де күтеді. Сондықтан ол тек қана кәсіпкерлергке емес, біздің клиенттерімізге де беймарал көмек деп айтуға болды.
Бүкілхалықтық сатып алу мерекесіне үздік дүкендер ғана емес, курьерлік компаниялар да дайындалады.
Айбек Сатылғанов, Aquila Logistic жетекшісі, Kaspi.Kz жеткізу бойынша серіктесі:
Бұл біздің үшінші «Kaspi Жұмамыз». «Kaspi Жұмада» дополнительно курьерлер алып жатырмыз және складқа сотрудниктерді де көбейтіп жатырмыз. Біздің қазіргі көлемдегі объем екі, үш рет өседі.
Әлемнің көптеген елдерінде әйгілі тиімді сатып алу мерекелері бары белгілі. Мұндай дәстүр енді Қазақстанда да бар. Сегізінші Kaspi Жұма ертең басталып, үш күнге – 14, 15 және 16 шілдеге созылады.
Дарын Сағитов