Ботаникалық бақ заңсыз кәсіптің мекеніне айналуы мүмкін
Астанадағы ботаникалық бақ заңсыз кәсіптің мекеніне айналып барады. Әкімдік қанша күрес жүргізгенімен нәтиже жоқ. Бұл жерде сауда-саттықпен айналысуға тиым салынған. Халық табиғат аясында демалуы тиіс. Әріптесім Самал Қабышева саябақтың қазіргі жағдайын көріп, халықтың пікірін тыңдап қайтты.
Самал Қабышева, тілші:
Дәл қазір біз ботаникалық бақты аралайиынбыз боламыз. Ал ботаникалық баққа мына жерде қысқаша анықтама берілген. Яғни, ашық аспан астындағы тірі өсімдіктер мұражайы. Ал шын мәнісінде бұл жердегі тыныс-тіршілік қандай? Бірге көретін боламыз.
Самал Қабышева, тілші:
Біз ботаникалық бақтың ішіне кірдік. Міне, кірген сәттегі көрініс осындай. Айналаның барлығы жалға берілетін көліктерге толы. Артымда, оң-сол жақта да, барлық жерде ойыншық көліктер. Құдды бір ойын алаңына келгендей әсер аласың.
Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға негізделген ботаникалық бақта жүгіру алаңы, веложолақ та бар. Әкімдік өкілдері бұл саябақта велосипедтерді жалға беруге рұқсат деді. Ал өзге сауда-саттық түрлеріне тыйым салынған деп отыр.
Жансая Молдабекқызы, Есіл аудандық әкімдігі кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы:
Ботаникалық бақ ол ғылыми мәртебесі бар ерекше қорғалатын аумақ. Ол жерде ерекше өсімдіктерді өсіреді. Сондықтан ол жерде қандай да бір сауда-сатылымды жүргізуге қатаң тиым салынады. Атап айтқанда ойыншықтарды сату, немесе тез дайындалатын тамақ өнімдерін сату, балаларға арналған көлік ойыншықтары жалға беріледі. Ол қызмет заңсыз болып табылады.
Самал Қабышева, тілші:
Яғни Есіл ауданының әкімдігі ботаникалық бақ аумағында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып жатқандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, айыппұл салып жатырмыз дейді. Бір әттегені, мұны елеп жатқан кәсіп иелері жоқ. Яғни, әкімдік өкілдері заңсыз кәсіпкерлікпен күрес жүргізуді қанша қолға алса да, істерінде нәтиже болмай тұр.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13