Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай мерекелік шара ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай мерекелік шара ұйымдастырылды

11.07.2023

«Шәкәрім жүрген ізбенен..» Осындай атаумен Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Ақынның мерейтойына арналған жиынға осы жолы ұлт қайраткерінің ұрпақтары әр өңірден арнайы келді.

Семейдің орталық саябағына жиылған көпшілік ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Ұлтына тура жолды көрсетіп, адал қызмет еткен қайтраткердің еңбегін насихаттау, ұрпақ жадына сіңіру бүгінгі шараның негізгі мақсаты.

Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:

Абай елі ұлы бабаларын әрдайым ұлықтап келеді. Шәкәрім Құдайбердіұлының биылғы 165 жылдығы да өнегелі істермен өрнектелуі керек деп ойлаймыз. Бұл орайда мерейтойды өткізу жөнінде облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді.

Мерейтой аясында қонақтар Абайдың «Жидебай-Бөрілі» әдеби-мемориалдық қорық-музейіндегі сурет көрмесін тамашалады. Ақын ұрпақтары музейге Ахат Шәкәрімұлының қызы Сара анамыздың өз қолымен тоқыған кілемшесін сыйға тартты.

Нұрлан Зиятов, Ш.Құдайбердіұлының шөбересі:

Бұл жақ бізге өте қымбат. Қасиетті топырақ деп есептеймін. Өйткені, қазақ халқына осындай алып тұлғаларды Хакім Абай, Мұхтар, Шәкәрім деген үш алыпты алып келген қасиетті топырақ. +жанұямызбен келгеніміз келешек ұрпаққа да, осы жақта жүргеніміз өзімізге де естелік, тарих ғой ол да бір.

«Шәкәрім жүрген ізбененен ақынның табаны тиген тарихи орындарды аралаған жұрт Жидебайдағы балалар рухына да тағзым етті. Жалпы жыл басынан бері мерейтойды өткізу жөнінде бекітілген бағдарлама бойынша алты айда 100-ге жуық түрлі шара өтті. Көп ұзамай «Абай жолы» кітаптар сериясымен ақынның орыс тіліндегі өлеңдер жинағы жарыққа шықпақ. Сондай ақ, Шәкәрім атындағы университеттің бастамасымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Аслан Ертісбаев

Хабарламаларға жазылу