Елімізде 7,5 млн адамның банкте қарызы бар. Яғни, қазақстандықтардың үштен бір бөлігі несие алған. Ал олардың 1,5 млннан астамы алған қарызын өтей алмай, 90 немесе одан да көп күнге кешіктіріп жатыр. Тіпті банкроттық күй кешуде. Бұл жөнінде «АМАNАТ» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Түркістан облысында тұрғындармен кездесу барысында мәлім етті.
Қазіргі уақытта оңды-солды берілетін түрлі шағын несиелер қарапайым халықты тығырыққа тіреп жатқаны жасырын емес. Айналып келгенде, барлығы қаржылық сауатсыздыққа келіп тіреледі. Сондықтан «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын қолға алды. Жоба аясында арнайы мамандар халыққа қаржыны дұрыс игеруді, отбасылық бюджетті жоспарлауды, несиені дұрыс алуды үйретіп жатыр.
Әлия Амантаева, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттар палатасының кеңесшісі:
Күнделіктісі халықтар өте көп келеді. Кейбіреулері қаржы пирамидаларына немесе басқаға еселерін алып, банкроттыққа үлгере алмай жатқан халықтар бар. Солардың барлығы келіп, тегін кеңестерін алып, өздерінің бір шешімдерін қабылдап жатады.
Аманат партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Сайрам ауданындағы сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорнында да болды. Мұнда «Ауыл аманаты» партиялық жобасының іске асырылу барысы талқыланды. Аталған жоба ауыл-аймақта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:
Азаматтардың тұрмысын түзеп, әл-ауқатын арттыру біздің Президенттің, Партияның түпкі мақсаты. Әр тұрғынға балық берме, қармақ беру. Сіздерге ө шаруаларыңызды ашып, мүмкіндік беру.
«Жер аманаты» және «Құқықтық көмек» партиялық жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысып, халықтың ұсыныстарын тыңдады. «Қарызсыз қоғам» жобасының бірқатар қатысушысы «АМАNАТ» партиясының қатарына қосылды.