Алматының әкімі Е.Досаевқа қарсы 42 мың дауыс жиналды
Алматы әкімі Ерболат Досаевқа қатысты петиция жалғасып жатыр. Оның отставкаға кетуін талап етіп, әлеуметтік желіде петицияға қол қойғандардың саны 40 мыңнан асып кетті. Кейбір саясаттанушылар «әкімге тым құрығанда сөгіс жариялануы тиіс» дейді. Ал жергілікті билік бұл наразылықтың шынайы екеніне күмән келтіріп отыр. Қаңтар оқиғасынан кейін Алматының әкімі болып тағайындалған Ерболат Досаевтың кетуіне қатысты бір аптаның ішінде 56 мыңнан астам адам дауыс берген. Оның 42 мыңы «отставкаға кетсін» десе, қалған 13 мыңы «жалпы петицияға қарсы» екендіктерін білдірген. Бұл петицияны ұйымдастырушылардың есебі. Онда «Алматылықтардың ашуына тиген негізгі мәселе қаладағы бітпейтін құрылыс пен жөндеуді қажет етпейтін жолдардың қайта-қайта қопарылуы» - делінген. Бұған саясаттанушылардың өз пікірі бар.
Нұргелді Әбдіғани, саясаттанушы:
Халық осыны да ескеріп отыр деп ойлаймын. КЕздесулерде халықпен дөрекі сөйлеуі бар. Оның әлеуметтік желіде біліп отыр бәрі.
Ал экономист Расул Рысмамбетов, қаладағы тұрғын үй кешендерінің саңырауқұлақша қаптап жатқанына Досаевпен қоса, оған дейінгі әкімдердің де жіберген олқылықтары себеп дейді.
Расул Рысмамбетов, экономист:
Соңғы 5 жылдың ішінде Алматыда 400 тұрғын үй кешенін салуға рұқсат берілді. Ол кезде Сағынтаев та, Байбек те әкім болды. Өзге өңірдің ірі кәсікерлерлері ақшаны алдымен Алматыда тұрғын үй салуға құяды. Қазірдің өзінде инфрақұрылыммен мәселе шиеленісіп тұр. Жасыратын түгі жоқ. Әкім мұны жалғыз өзі шеше алмайды деп ойлаймын. Сондықтан бұл қауіпсіздік кеңесінде көтерілуі керек.
Ал әкімдік бұл петицияны жалған деп отыр. Десе де, сарапшылар Досаев бұдан сабақ алып, халықтың үдесінен шығатын жұмыстарды атқаруы тиіс дейді.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы