Астанада әлемнің әскери оркестрлері өнер көрсетті
Елордалықтар қала көшелері мен қоғамдық орындарда патриоттық әндер мен классикалық музыка тыңдады. 7 шілде күні әлемнің түкпір-түкірінен жиналған үздік әскери оркестрлер өнер көрсетті. Ерекше концерт «Астана – мәдениет керуені» I Халықаралық фестивалі аясында ұйымдастырылған. Толығырақ тілші материалында.
Хан-Шатыр ойын сауық орталығына жиналған халықты әскери оркестрлердің әуелеткен әуені қарсы алды. Бас қалаға «Астана – мәдениет керуені» фестивалі үшін арнайы келген өнерпаздар патриоттық әндермен қатар әлемге танылған музыкаларды да орындады. Көрермен ықыласына бөленген ұжымдардың бірі Әзербайжаннан келген Гейдар Әлиев атындағы әскери институттың оркестрі. Олар Ұлттық үрмелі аспаптарымен орындаған «Джанги», «Домбыра» және басқа да танымал әуендер, астаналықтарды жігерлендіріп жіберді.
Маммадзаде Фариз Мирали Оглу, Әзербайжан делегациясының дирижері:
Қазақстанға алғаш келуіміз. Астана өте әдемі қала екен. Бос уақытымызда көрікті жерлерін араладық. Басқа елден келген әріптестерімізбен таныстық. Олардың орындаушылық шеберліктері өте керемет екен. Осындай адамдармен бір жерде өнер көрсету біз үшін мәртебе.
Қазақстан Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетілімді оркестрі Әділ Бестібаевтың «Жорға», «Алаш» тобының «Батырлар ұраны» және Ерболат Құдайбергеновтің «Мен қазақпын» шығармаларын орындады. Рухты көтеретін әуендерге ризашылық білдірген тыңдаушылар қошеметтерін аямады.
Ардақ Айтжанов, Ұлттық Ұлан әскери оркестрінің старшинасы:
Біз Ұлттық Ұланның атынан әскери оркестр сабында өнер көрсеттік. Орындаған шығармаларымыз - қазақ халқының әндері, музыкасы, қазіргі кездегі заманның әндері орындалды және барабаншылар ансамблі өнер көрсетті.
Қазақша әуен орындаған тағы бір ұжым – Қытай Халық Азат ету армиясының әскери оркестрі. Олар танымал "Дударай" әнін көрерменге тарту етті.
Серік Селеубайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13