Алматының іргесіндегі Ащыбұлақ халқы сусыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының іргесіндегі Ащыбұлақ халқы сусыз отыр

10.07.2023

Алматының іргесіндегі Ащыбұлақ ауылдық округінің 60 мыңға жуық тұрғыны аптап ыстықта ауыз сусыз отыр. Өйткені, өздері қазған құдықтан электр қуатынсыз тіршілік нәрін шығара алмайды. КСМ: Сондай-ақ, жұрт жарықсыз қалғандықтан, байланыстан да ажыратылған. Әбден әбігерге түскен бұқара бармаған жеріміз қалмады деді. Олар мәселенің енді Үкіметте көтерілгенін талап етеді.

Әкім ауылдық округтың жарық мәселесіне араласа алмаймыз, оған "Алатау жарық мекемесі" жауапты дейді. Ал компания жергілікті әкімдікке электр қуатының қысымы әлсіз болғандықтан, үнемі жарықты өшіруге мәжбүрміз деп хат жолдаған. Ал, бұл жолы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деген жауап жолдапты.

Жасұлан Оңалбаев, Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі:

Жаңа ғана мен енді айтылған уақытында қосылуын қадағалау үшін подстанцияда болдым. 5-ке дейін деді, міне өздеріңіз көріп отырсыздар 5-тен асты әлі жоқ. Алдыңғы аптада да қайталанған. Барлық подстанцияға ремонттық жұмыстарды жүргізу үшін өшірілді деп хабарлама берген болатын.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу