Қызылорда облысында кене шаққан екі адам қайтыс болды
Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегінен екі адам ажал құшты. Аймақта кенеден жұғатын кесел жаз басталғалы өршіп тұр. Дәл қазір өңірдегі эпидахуалды баяндауға әріптесім Әділбек Серікұлы тікелей байланысқа шығуға әзір.
Қайырлы кеш Әділбек, зиянкестерден қанша адам зардап шекті?
Әділбек Серікұлы, тілші:
Биыл әсіресе, Шиелі мен Жаңақорған аудандарында кене айрықша көп. Өлім-жітімге әкелген екі жағдай да сол оңтүстік аудандарда тіркеліп отыр. Кене шаққан 51 және 77 жастағы ер азаматтар бастапқыда өз бетімен ем қабылдап, қауіпті ауру дендеп кеткен соң медициналық көмекке жүгінген. Ауыр хәлде ауруханаға түскен науқастардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, дейді дәрігерлер. Жалпы Конго-Қырым қанды безгегіне шалдыққан тағы 8 тұрғын өмір мен өлім арасында жатыр. Мамандар ауру тасымалдағыш зиянкестерден зардап шеккен адамдар 2-3 күн ішінде дәрігерге қаралмаса, соңы қайғылы жағдайға әкеп соғатынын айтады.
Эпидемиологтар көктемде облыс бойынша Конго-Қырым қанды безгегінің таралу қаупі жоғары 106 елді мекенді белгілеген. Қазіргі таңда кенеден келетін кесел Қызылорда қаласында және Сырдария, Қармақшы, Шиелі аудандарында бір жағдайдан тіркелсе, Жаңақорған ауданында 4 дерек нақтыланып отыр. Жалпы жыл басынан бері аймақта 600-ден аса адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22