Биыл Алаш әскерінің құрылғанына 105 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Алаш әскерінің құрылғанына 105 жыл

04.07.2023

Биыл Алаш әскерінің құрылғанына 105 жыл. Айтулы датаға орай Елорда төріндегі әскери-тарихи мұражайда көрме ұйымдастырылды. Өзге мұражайларда жарық көрмеген жәдігерлер қойылған шараға тілшіміз де қатысты. Ғасырдан астам тарихы бар алаш әскері жайлы ғалымдар мен профессор ой бөлісіп, құнды ұсыныстарын ортаға тастады.

Самал Қабышева, тілші:

Алаш орда әскерінің құрылғанына 105 жыл толуына орай ұйымдастырылған көрмедегі ең құнды жәдігердің бірі де бірегейі осы құжат. Дәл осы құжатта Әлихан Бөкейханов Алаш орда жанынан әскер құру жөнінде қаулы шығарған.

Өмірзақ Озғанбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Әскери құрылым құру, оны милиция деп те атады. Бұл кезде қазақ қауымының жағдайы өте нашар еді. Бір жағынан келіп қызылдар, бір жағынан келіп ақтар, талап, малын қуып, адамдарға кәдімгі қоқан-лоқы жасап кететін еді. Міне, қазақты қорғайтын, қазақтың мемлекетін қорғайтын ұйым міне осы Алаштың әскері болды.

Бір әттеген-айы Алаш әскеріне қатысты жәдігерлер жоқтың қасы. Бар жиған-тергенімізді жинақтап, көзіміздің қарашындай сақтап отырмыз дейді, мұражай басшылығы

Ләззат Әлжан, Мемлекеттік Әскери-тарихи музейдің басшысы:

Бұл өте өкініш. Кезінде барлығы жойылып кеткен. Алаш атаулы ұғымды жоюға тырысқандықтан, әлі де болса халықтың 90 пайызы бұл алаштың атты әскері туралы біле бермейді.
Сондықтан мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін әр облыстың мұражайларында Алаш әскері жайлы арнайы бөлім ашылу керек, деп санайды шараға қатысушылар.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу