Басты Жаңалықтар Жаңа салынып жатқан автобан Тораңғылық ауылындағы демалыс орындарын табыссыз қалдырды

Жаңа салынып жатқан автобан Тораңғылық ауылындағы демалыс орындарын табыссыз қалдырды

Жаңа салынып жатқан Қарағанды-Балқаш-Алматы бағытындағы автобан Тораңғылық ауылындағы демалыс орындарын табыссыз қалдырды. Себебі күре жолдың бойындағы туристік мекенге демалушылар бара аламайды. Өйткені жоба бойынша бұрылыссалу ескерілмеген. Сондықтан биыл саяхатшылар мен табыстан қағылған кәсіпкерлер автоабннан ауылға қарай қатынайтын жол салуды талап етуде.

Тораңғылық ауылында жылда осы мезгілде адам қарасы көбейіп, сән салтанаты кіретін еді. Ал қазір мұндағы демалыс орындарының көбі бос тұр. Арнайы бұрылыстың болмауынан туристердің Тораңғылыққа тоқтамай кетіп жатқаны кәсіпкерлердің жүйкесін әбден тоздырған. Себебі барлығы да жазға дайындықтарын жасап шығынданған. Тіпті несие де алған.

Қазыбек Ештанаев, Тораңғылық ауылының тұрғыны:

Тораңғылық ауылына 7,5 км 2017 жылы асфальт төселді. Сол асфальт жаңағы главный трассаға барып қосылып тұр, соған бұрылысты ұмытып кетіп отыр. Жазда демалушы адамдар аттап кетеді бұл жерде. Ал енді керісінше туризмге осы жерде шектеу қойылып, біздің қаншама кәсіпкерлеріміз бұл жерде қолбайлау көріп отыр.

Жол бойында бұрылыстың болмауы жұртты екі есе ұзақ айналма жолдың әбігеріне салған. Бұл таксидің бағасын шарықтатып, өзге де қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп отыр.

Күлнара Түйтебаева, Тораңғылық ауылының тұрғыны:

Адам ауырмайды ма, жедел жәрдем өте алмаса, пожарный машина кіре алмаса біз не істейміз? 600-дей адам тұрады. Мынау масқара ғой.

Тораңғылықа кіру үшін демалушылар 15 шақырым жерді айналып келуі керек. Бірақ онсыз да алыстан ат арытқандар жолсызбен Тораңғылықты іздегенше, жолдағы басқа демалыс аумағына тоқтай салады. Ал Қарағанды Балқаш автобаны құрылысы 2019 жылы басталған. Жол салушылардың мәліметінше жұмыстың 70 пайызы аяқталған. Сондықтан ірі жобаға қандай да бір өзгеріс енгізе салу оңай емес.

Нұртілек Хасенов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі:

Кезінде осы жолды жобалаған кезде автормен қоғамдық тыңдаулар өткізіліп жасалған болатын. Жолдың техникалық ерекшелігіне байланысты бұл енді бірінші санаттағы автобан ғой. Сондықтан кез-келген жерде бұрылыс жасау жолдың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Әзірге автобан бойында шектеулер қою арқылы уақытша бұрылыс жасалып, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін белгілер орнатылған. Келешекте мұнда бағдаршам қою мәселесі қарастырылып жатыр,-дейді «Қазавтожол» өкілдері. Жалпы мәселенің өзге шешімі ретінде Балқаш қаласы мен ауыл арасындағы 7 шақырым жолды асфальттап беру мәселесі де талқылануда.

Руслан Нұрланұлы

Бөлісу