ШҚО-дағы жылыту электр орталықтарындағы жөндеу жұмыстары қазан айына дейін аяқталады
Шығыс Қазақстан облысындағы жылыту электр орталықтарындағы жөндеу жұмыстары қазан айының біріне дейін аяқталады. Әсіресе, Риддер мен Өскемен қаласындағы стратегиялық нысандар үкіметтің қатаң бақылауында.
Қазір Риддерде жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Ал облыс орталығын жылу, су және электрмен қамтамасыз ететін негізгі орталық бірнеше жыл бұрын бастаған жаңғырту жұмысын аяқтап қалды. Нәтижесінде «Өскемен жылыту электр» орталығындағы құрылғылар мен қондырғылар 25 пайызға жаңарған. Станса басшылығы жаңғырту жұмысы компанияның ішкі инвест бағдарламасына сәйкес жүргізіліп келе жатқанын айтады. Дегенмен облыс басшылығы энергия мен жылуға қатысты мәселені көп созбай, жедел қарастыруды тапсырды.
Ермек Көшербаев, ШҚО әкімі:
Қала өсіп бара жатыр. Әрине, болашақта электр қуаты жылу қуаты, қосымша тағы керек болады. Соған байланысты станция иелерімен сөйлесіп, акционермен сөйлесіп, жоспарларын талқылап, өз жағымыздан қандай көмек бере алатынымызды ұйымдастырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қорғаныс министрлігін тексеру: 13 қылмыстық іс қозғалды
05.10.2026, 20:00
Ақтөбе облысында өнертапқыштарды қолдай бастаған
05.10.2026, 17:25
Дүниежүзілік азық-түлік мерекесі тойланды
05.10.2026, 17:24
Астанада ШҚО жәрмеңкесі ұйымдастырылды
05.10.2026, 17:22
«Ауыл аманаты»: Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетілді
05.10.2026, 17:20
Шымкенттің қоқысын тасуға тағы жаңа көліктер берілді
05.10.2026, 17:18
Ел жаңалықтарына шолу
05.10.2026, 17:15