Францияда жасөспірімнің өлімінен кейін басталған жаппай тәртіпсіздіктер әлі де жалғасып жатыр. Полицияның мәліметінше, 421 адам тұтқындалған. Олардың көбі - 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер. Париждің кейбір аудандарында коменданттық сағат енгізілді. Бұған қарамастан шеруге шыққандар көліктерге өрт қойып, қаладағы дүкендердің есік-терезелерін сындырған. Тонау фактілері де тіркелді. Шеру елдің ірі қалаларында өтіп жатыр. Тәртіпті бақылау үшін 40 мыңнан астам полицей жұмылдырылды.
Шеру сейсенбіде 17 жастағы азамат полицейлердің қолынан қаза тапқаннан кейін басталды. Елдің ішкі істер министрлігі марқұмға қарсы қару қолдануды заңсыз деп тапқан. Ал оқ атқан полиция қызметкеріне адам өлтірді деген айып тағылып, қамауда отыр.
Арай Төлегенқызы