Қостанай облысында қызылша дерті өршіп барады
Қостанай облысында қызылша ауруы өршіп тұр. Соңғы он күнде жұқпалы дертке шалдыққандар саны екі есеге артқан. Ресми мәліметке сүйенсек, өңірде 42 адамнан қызылша анықталды. Оның басым бөлігі облыс орталығында тіркеліп отыр. Сондай-ақ Рудный, Жітіқара қалаларында, Жанкелді ауданында осы ауруды жұқтырғандар бар. Қауіпті індетке шалдыққандардың дені балалар. Көбі дертке қарсы екпе алмаған.
Әйгерім Қалиева, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды. Ондағы мақсат қызылшаның таралу аумағын, дертке шалдыққан жандардың кіммен жақын қарым-қатынаста болғандығын анықтау. Соның нәтижесі бойынша шұғыл алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07