Сыр өңірінде өсетін күрішке шет мемлекеттерден сұраныс жоғары
Сыр өңірінде өсетін күрішке еліміздің ішкі нарығымен қатар шет мемлекеттерден сұраныс жоғары. Дақыл Еуропаның 8 еліне экспортталып, жыл басынан бері 16 мың тонна өнім жөнелтілді. Ал бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин өңірде өткен республикалық күрішшілер жәрмеңкесіне қатысып, кәсіпкерлермен көшпелі мәжіліс өткізді.
Жыл сайын сырбойылық дихандар 80 мың гектардан астам алқапқа күріш егіп, жерден ырзық-несібесін көріп келеді. Соның ішінде, Лидер, Янтарь, Сыр сұлуы секілді күріш сорттарының өнімділігі жоғары. Қызылордадағы күрішшілер жәрмеңкесіне еліміздің барлық облысынан 120 делегат арнайы келіп, жергілікті шаруашылықтармен делдалсыз тікелей қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды.
Арман Әбенов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:
Қызылорда күріштің Отаны екенін бәріміз білеміз. 2018 жылдан бері азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорына осы өңірден күріш сатып аламыз. Жыл басынан бері бүгінде 200 мың тонна күріш алдырттық. Осындай бастама арқылы барлығын көзбен көріп, байланысымыз нығая түсуде.
Ішкі нарықпен қатар экспорттың да әлеуетін арттыру қажет. Премьер-министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин кәсіпкерлермен тілдесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, Нағи Ілиясов ауылына барып, күріш өсіріп жатқан шаруалардың тыныс-тіршілігімен танысты.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі:
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация шеңберіндегі жұмысын толығымен басқаша жасап жатырмыз. Себебі, оның мақсаты тікелей қаражатты шаруаларға, отандық өндірушілерге жеткізу.
Премьер-Министрдің орынбасары азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша көшпелі мәжіліс өткізді. Жиында «Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі» пилоттық жобасы туралы кеңінен айтылды. Сондай ақ өнім өндірушілермен әр өңірден келген әкімдік өкілдері өзара тиімді келісім-шартқа отырды.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06