Жетісу облысының Қаратал ауданында тұз қазушы деген ерекше бір кәсіп бар
Жетісу облысының Қаратал ауданында тұз қазушы деген ерекше бір кәсіп бар. Байшегір және Дөнши ауылының тұрғындары шағын көлшіктерде түзілген тұзды қазып алып, сатып нәпақа тауып жүр. Қара тұзға сұраныс та көп. Табиғат ананың берген бұл тартуы отбасын асырап, қажетімізді өтеуге мүмкіндік береді дейді жергілікті тұрғындар. Аудан орталығынан 180 шақырымда орналасқан елді-мекен халқының дені мал асырап күн көрсе, қалғаны балық шаруашылығын жолға қойған.
Екі қолға бір күрек табылар деген түсінік дәл осы азаматтарға айтылғандай. Себебі негізгі құралдары күрек, табысы ашық аспан астында жатқан - қара тұз. Дөнши ауылының тұрғындары 3-4 адам бірігіп, осылай көл бетіндегі тұзды жинайды.. Тұздың сапасына қарай әр келісіне орта есеппен 8 теңгеден төлейтін көрінеді.
Жанатхан Орынбасаров, Дөнши ауылының тұрғыны:
25 жыл болды тұз дайындағаныма. Осы күрек, ақырындап дайындап. Табысымыз осы, күн көріс. 5-10 теңге табамыз, соған да қанағат дейміз.
Жұмысшылар тұзды тау қылып үйіп жинап қояды. Кейін үлкен көлікпен тапсырыс бергендер тиеп алып кетеді. Мұнда бір-екі күнде 10 тоннаға дейін тұз жиналады.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Бұл қара тұздың қолдану аясы өте кең. Сондықтан сұраныс та жоғары. Алдымен ірі шаруашылықтар малға береді. сондай-ақ наубайхана мен тері илеуге де осы тұзды қолданады. Ал қыста жолға және көшелерге де осы тұзды себеді екен.
Жергілікті тұрғындар цех ашып осы тұзды өңдеп нарыққа шығаруға әбден болатынын айтады. Бірақ ауыл шалғай болғандықтан әзірге ешкім ондай ұсыныс жасап келе қойған жоқ.
Олжас Бейсеков, Байшегір ауылдық округі әкімдігінің бас маманы:
Налогы бар, несі бар қымбат болып тұр ғой кішкене. Әйтпесе тұзды ауылдың адамдарына жұмыс болатын еді негізі. Ауылдың адамдарына цех бірдеңе ашылса өндіретін зат көп қой негізі.
Бұл тұздың емдік қасиеті де бар дейді жергілікті тұрғындар. Аяқ-қол қақсағанда, бойдағы суықты шығару үшін осы жерге келіп бір түсіп қайтатынын айтады. Сондай-ақ үйге алып кетіп, моншаға түскенде де қолданады. Табан астында жатқан табыс көзін табиғат та өзі реттеп, молайтып отырады екен.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26