Оралда жаңа цех іске қосылды
Оралда полиэтилен құбыр шығаратын жаңа цех іске қосылды. Кәсіпкер«Даму» қоры арқылы 600 млн теңге несие алып, мемлекеттен қолдау болғандығын айтады. Мұндай құбырлар елімізге бұған дейін Ресей мен Қытай елдерінен тасымалданып келді. Жаңа өнім мұнай-газ өндірісінде, су, жылу, кәріз суы желісінде қолданылады. Полиэтилен құбырларының өндірісте жарамдылығы кемінде 50 жыл және тот басуға төзімді. Цехта 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Петр Загоровский, кәсіпкер:
Жаңа жабдықты «Даму» қоры арқылы бөлінген қаражатқа сатып алып, орнаттық. Мемлекеттен алған несиені алдағы 5 жылда қайтарамыз деген ойдамыз. Сапа жағынан өзгелерден кем түспейтін өнімдеріміз еліміздің барлық аймақтарында үлкен сұранысқа ие.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде жанармай тапшылығы қайтадан күшейді
24.09.2026, 17:40
Азиаданың бесінші күні: 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
24.09.2026, 17:38
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы Қытайда дәріптелді
24.09.2026, 17:37
Қалдық тапсырып, ақша табуға болады
24.09.2026, 17:35
«Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты
24.09.2026, 17:34
Қызылордада эко-белсенді үш мыңдай көшет еккен
24.09.2026, 17:33
Бурабайда электр моторлы трамвайлар маршруты іске қосылды
24.09.2026, 17:27
Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған
24.09.2026, 17:25