Алдағы 3 жылда Қостанай облысындағы барлық ауылдар таза ауызсумен қамтылады
Алдағы 3 жылда Қостанай облысындағы барлық ауылдар таза ауыз сумен қамтылады.
Биылдың өзінде 43 мың халқы бар 43 ауылға тіршілік нәрі жетпек. Бұл мақсатқа мемлекеттен 22 млрд теңге бөлініп отыр. Елдімекендердегі жолдарды жөндеуге де үлкен көңіл бөлінбек. Бұл туралы аймақ басшысы айтты. Ол орман өртінің алдын алу шараларына да тоқталды. Былтыр 32 мың гектары өртенген Қостанай орманынында биыл сақтық шаралары күшейтіліп жатыр екен. Қазір онда күні-түні жұмыс істейтін 34 бейнекамера орнатылыпты. Олардың әрқайсысы 20 шақырымға дейін аумақты байқылайды.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
Бүгінде орман шаруашылығына қосымша 400 жұмысшы тартылды. Табиғат ресурстарын пайдалануға арналған бюджет көлемі екі есеге өсіп, 8 млр теңгеге жетті. Орманшылардың жалақысы 57 пайызға артты. Биыл 50 жаңа трактор сатып алуды жоспарлаған едік, оның 30-ын сатып алдық. Тағы 15 өрт сөндіруге арналған көлік алынады.
Нұрсұлтан Тілектесов
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеті жылдың басты көрсеткіштері мерекелік билбордтарда
22.10.2026, 18:26
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17