2015 жылдың 13 қарашасында Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада «Орхон» баспа үйі шығарған «Ұлы реформатор – Дэн Сяопин» атты кітаптың тұсаукесері өтеді. Бұл кітап Қытайдың ұлы реформаторы туралы жазылған қазақ тіліндегі алғашқы еңбек.
Әлем тарихындағы Ұлы тұлғалар туралы еңбектер қазақ тілінде мүлдем аз. Тек «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ғана бірқатар ойшылдардың еңбектері аударылған ана тілімізге. Ал, әлемге танымал қайраткерлер, саясатшылар, реформаторлар туралы қазақ тілінде сериялы кітаптар ешқашан шықпаған. Осы олқылықтың орынын толтырмақ ниетпен белгілі жазушы Дидахмет Әшімханұлы игілікті істі бастаған болатын. Жазушы көзі тірісінде «Ұлы реформатор – Дэн Сяопин» атты кітапты шығару үшін Қытайдағы «Ұлттар» баспасының басшысы Ю Бишин мырзамен келісім жасаған еді. Осылайша негізгі шаруаны өзі атқарып кеткен болатын. Соның нәтижесінде Дэн Сяопин туралы кітап қазақ оқырманына жетіп отыр.
Кітаптың жарық көруіне Бейжіңдегі «Ұлттар» баспасы және Қазақстандағы Қытай елшілігі тікелей қолғабыс жасады. Ал, қарашаның 13-іне жоспарланған тұсаукесерге саясаткерлер, зиялы қауым өкілдері шақырылып отыр. Сонымен бірге «Ұлттар» баспасының өкілдері мен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігінен де арнайы қонақтар қатысады.
Дэн Сяопин бүгінгі Қытай елінің әлемдік геосаясаттан өз елінің лайықты орын алуына және экономикасының қарыштап өрлеуіне ұшан-теңіз еңбек сіңірді. Сондай-ақ, ол Қытай елін дамыған мемлекеттер қатарына енгізу арқылы қытай ұлтының ұлттық көсеміне һәм әлемдік тұлғаға айналды. Әлемдік деңгейдегі реформаторды қазақ оқырмандары да танып білуі қажет. Сол мақсатта жарық көрген бұл жинақты Қытайдың «Ұлттар» баспасының мамандары қазақ тіліне аударып, кітап болып басылуына ерекше көмек көрсетті. Кітап саясаттанушыларға, ғалымдарға, тарихшыларға, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған.
Kaznews.kaztrk.kz