Германияда орман өрті екінші аптаға жалғасты
Германияда мамырдың 31-нен бері қаулап жатқан орман өрті бақылауға алынды. Өрт ошағы Берлиннің оңтүстігінде тіркелген еді. 12-ші күн дегенде жаңбыр жауып, жалынды өшіруге мүмкіндік туды. 733 гектар жер күлге айналған. Айналадағы қалалар мен ауылдарға қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен Германияда қазір аптап ыстық. Осыған байланысты ауа-райы қызметі өрт қаупі жоғары екенін мәлімдеді. Жалпы ЕуроОдақ елдері биыл орман өрті көп болуы мүмкін екенін ескертті. Ұйым елдері өрт сөндірушілер мен техника санын арттырып, дайындық жүргізіп жатыр. Тілсіз жаудың жиілеуіне климаттың өзгеруі себеп дейді мамандар. Аймақта қуаңшылық артып, су тапшылығы мәселесі туындады.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01