Бастағы қатерлі ісік қанша уақытта емделеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бастағы қатерлі ісік қанша уақытта емделеді?

09.06.2023

Мидың қатерлі ісігіне шалдыққандарға пышақсыз ота жасау дамып келеді. 2 жыл бұрын қолға алынған операцияға бүгінде мыңға жуық науқас жүгінген. Дәрігерлер мұндай ота түрі адам өмірі үшін қауіпсіз деп отыр. Сонымен операция қалай жасалады? Бастағы қатерлі ісік қанша уақытта емделеді?

Самал Қабышева, тілші:

Бас мидың асқынған онкологиялық ауруына шалдыққан науқастың өзіне еш тіліксіз осы құрылғының көмегімен ота жасауға болады. Бұл апарат гамма пышақ деп аталады. Науқас осы жерге жатқызылады. Оған ешқандай наркоз салынбайды. Ол есін біліп жатады. Ал ем мына құрылғының ішіндегі сәулелердің көмегімен жүргізіледі.

Біздің түсірілім кезінде дәл осы операцияны қабылдаған жанның бірі өскемендік Тамара Сабадаш. Ол екі сағат көлемінде емін алды. Ал бұл Тамараның басындағы ми ісіктері. Көлемі де әжептәуір. Қарапайым тілмен айтсақ, ісік арнайы құрылғыдағы сәулелердің көмегімен күйдіріледі.

Тамара Сабадаш, Өскемен қаласының тұрғыны:

Осыдан екі апта бұрын бірінші, бүгін екінші рет мидағы ісікті емдетуге келіп тұрмын. Алғашқы емнен ақ басым ауырғаны қойып, дертімнен айығып келемін. Дәрігерлер, осы процесс мидағы ісіктің жойылуына жеткілікті деді. Мұндай отаны жасату құны 1 млн 850 мың теңге тұрады. Бірақ, мен міндетті медициналық сақтандыру қорына ай сайын тұрақты жарна жіберіп отырғандықтан, квотамен емді тегін алудамын.

Нұрзат Сығай, дәрігер-нейрохирург:

Ол операция, иә. Бірақ дистант операция болып саналады. Яғни басын аштырмай, осылай науқастың жатқан күйінде осы сәулелердің арқасында ем жүргізіледі.

Ал бастағы қатерлі ми ісігін емдеу Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында жүргізілуде.

Асылбек Қалиев, Ұлттық нейрохирургия орталығының медициналық директоры:

Біздің орталыққа жату, келу үшін науқастардың келуі қажеті жоқ. Поликлиника арқылы немесе интернет арқылы біздің электорнды поштаға бүкіл нәтижелерін жіберіп, біздің мамандарымыз соларды зерттеп, қажет болса шақырту қағазын жібереді. Мысалы, осыншама күні науқас келіп, жатуыв керек. Сол кезден бастап поликлиника құжаттарын жинап, науқасты мына портал госпитилизация деген жүйеге салып, біз науқасты көреміз.

Ал науқас мұндай мүмкіндікті пайдалану үшін міндетті медициналық сақтандыру қорына тұрақты түрде жарна төлеп отыруы тиіс.

Зәбира Оразалиева, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының халықпен жұмыс жасау департаментінің директоры:

Жоспарлы түрде келу үшін міндетті түрде сақтандыру қажет. Ал жоспарлы түрде емес шұғыл түрде түсетін болса, эсктренно дейді, ондай жағдайларда әрине сақтандыру мәртебесін қарамайды.

Ал елімізде 3,5 млннан астам адам медициналық сақтандырылмаған.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу